Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Аудан жайлы || Уәлиханов ауданының құрметті азаматтары

Уәлиханов ауданының құрметті азаматтары

Уәлиханов ауданының құрметті азаматтары

Нағманов Қажымұрат Ыбырайұлы

Нағманов Қажымұрат ЫбырайұлыНағманов Қажымұрат Ыбырайұлы Омбы облысы, Таврический ауданының Карповка ауылында 01.06.1948 жылы дүниеге келді. Мемлекет және қоғам қайраткері.

1971 жылы теміржол көлігінің инженерлерінің институтын, кейіннен Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірді.

1971-1973 жылдары Қазақстан темір жолының Екібастұз жол қашықтығының жол шебері мен бас инженері.

1975-1976 жылдары Екібастұз қалалық халық бақылау комитетінің инспекторы.

1976-1978 жылдары Қазақстан темір жолының 17 жол қашықтығының бас инженері.

1978-1982 жылдары өнеркәсіп-көлік бөлімінің нұсқаушысы, құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Екібастұз қалалық партия комитетінің екінші хатшысы.

1982-1987 жылдары Павлодар қаласындағы «Главказэнергострой» жылу электростанция құрылысының бас аумағы басқармасы бастығының орынбасары.

1988-1991 жылдары Семипалатинск қалалық кеңесінің атқару комитетінің төрағасы.

1991 жылы Жоғарғы Кеңестің депутаты болып сайланды.

1992-1994 жылдары КАТЭП ұлттық-акционерлік компаниясының вице-президенті (Алматы қаласы).

1994-1996 жылдары Жезқазған облысының әкімі, 1996-1997 жылдары Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

1997-1998 жылдары «Мишель-Трейдинг ЛТД» фирмасы басқармасының төрағасы (Өскемен қаласы).

1998-1999 жылдары «Казэнергосервис» ЖШС энергетикалық компаниясының президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

1999-2002 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2002 жылдың мамыр айынан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрі.

Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның бірінші вице-президенті. «Парасат» ордені мен көптеген медальдармен марапатталған.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2001 жылдың 25 желтоқсанынан №13-16с шешімімен «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.

Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы

Жүнісов Сәкен НұрмақұлыС.Н. Жүнісов 1934 жылғы 11 ақпан күні Көкшетау облысы, Қызылту ауданының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы) Қызылту поселкесінде дүниеге келді. 1957 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ды бітірді. 1957-1959 жылдары «Пионер» газетінің журналистика бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

1960-1964 жылдары Қазақ драма театрында, кейіннен 1964-1968 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясында қызмет етті. 1988-1992 жылдары КСРО қорының қазақ әдебиеті бөлімінің редакторы, Қазақстан

жазушылар Одағының хатшысы. 1992 жылдан шығармашылық жұмыспен айналысты. Алғашқы әңгімелері студенттік жылдары жарық көрді.

1996 жылы Қазақстанның халық жазушысы атағы берілді.

1986 жылдан ҚазССР-дің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2001 жылдың 25 желтоқсанынан №13-16с шешімімен «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.

Серкебаев Ермек Баймұханбетұлы

Серкебаев Ермек Баймұханбетұлы1926 жылы туған, 1941-1943 жылдары П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде оқыған. 1951 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген. Опера және балет театрының әншісі, көптеген партияларды орындаған. Шетелдерде өнер көрсеткен, «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», кинофильмдерінде түсірілген.

СССР Жоғары Кеңесі мен Қазақ ССР-нің 8-11 шақырылымдарының депутаты, халықаралық конкурстардың жеңімпазы, Одақ және Қазақстан мемлекеті сыйлығының, «Тарлан» — сыйлығының иегері. «Отан», 2 мәрте «Ленин», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. СССР-дің, Қазақ ССР-нің халық әртісі, профессор, Социалистік Еңбек Ері, Петропавл қаласының құрметті азаматы.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2001 жылдың 25 желтоқсанынан №13-16с шешімімен «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.



Молдабеков Руслан Жұмабекұлы

Молдабеков Руслан ЖұмабекұлыМолдабеков Руслан Жұмабекұлы 1963 жылғы 8 мамыр күні Алматы облысы, Қаскелең ауданының Госселекстанция поселкесінде туды. Бухгалтерлік есеп және өндіріс мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын бітірді.

Молдабеков Р.М. өзінің еңбек жолын 1984 жылы Қазақстан Республикасының құрылыс материалдары Министрлігінің Алматы карьер басқармасының инженер-экономист лауазымында бастады.

1984-1986 жылдары Қазақстан Республикасы байланыс министрлігінің «Союзпечать» басқармасының аға бухгалтері, ревизор, аға экономист, Қазақстан

Республикасы сауда министрлігінің «Казкультгалантерейторг» республикалық жеке-көтерме сауда бірлестігінің тексеру бөлімінің бастығы. 1992 жылы «Бейбарыс» шағын кәсіпорынның бас бухгалтері.

1997 жылдан бастап «Қазэкспортастық» ЖАҚ оның шебер басқаруының арқасында ауыл тауар өндірушілерінің мүдделерін қорғай отыра, Көкшетау облысының бірқатар шаруашылықтарын өз басшылығына алды.

Қазіргі уақытта ол басқарып отырған компания Қазақстан астық Одағының және Халықаралық Агроөнеркәсіптік биржасының мүшесі бола отырып, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарының 17 шаруашылықтарын өз қол астына алды. Жалпы егістік көлемінің аумағы 530 гектар, оның ішінде 250 мың гектардан астамы Уәлиханов ауданында.

2002 жылы «Еңбектегі Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2007 жылы «Кұрмет» орденімен марапатталды.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2001 жылдың 25 желтоқсанынан №13-16с шешімімен «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.

Асқаров Қазбек Зияшұлы

Асқаров Қазбек ЗияшұлыАсқаров Қазбек Зияшұлы 1944 жылы 1 қараша күні Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Қызылту селосында дүниеге келді. 1962 жылы Қызылту орта мектебін бітіріп, осы жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың экономика факультетіне түсті. 1963 жылдың қараша айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 1966 жылдың наурызына дейін әскери міндетін атқарды. Содан соң 1966-1969 жылдар аралығында Алматы халық шаруашылығы институтында оқыды. Институтты бітірісімен Қызылту ауданына жол тартты. Еңбек жолын «Казсельхозтехника» аудандық бірлестігінде аға экономист болып істеуден бастады.

1971 жылдан бастап ПМК-1 «Спецводопроводсельстройда» аға инженер қызметін атқарды.

1971 жылғы 15 қазаннан Қызылту аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды. 1977 жылы Қызылту аудандық халықтық қадағалау комитетінің төрағасы лауазымына ауыстырылды. 1978 жылы жоғарғы партия мектебіне оқуға жіберіліп, 1980 жылы аталмыш оқу орнын тәмамдаған соң, Қызылту аудандық халықтық қадағалау комитетінің төрағасы қызметіндегі жұмысын жалғастырды.

1985 жылдың шілде айынан бастап Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Өндіріс совхозының директоры қызметін атқарды.

1990 жылдың 14 сәуір күні XXXIX аудандық партия конференциясында Қызылту аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2004 жылдың 27 желтоқсанынан №6-11с шешімімен «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.

Қадралин Есілбай Тәлкейұлы

Қадралин Есілбай ТәлкейұлыҚадралин Есілбай Тәлкейұлы 1948 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Чапаев селосында дүниеге келген.

1964-1982 жылдары қойшы, жүргізуші, механизатор болып істеді.

1997 жылы ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты.

1982-1992 жылдары трактор-егістік бригадасының бригадирі, ауылдық Кеңестің төрағасы.

1972 жылы Дүниежүзілік жастар кездесуінің қатысушысы.

Берлиндегі Бүкіл әлемдік 10-шы жастар және студенттер фестивалінің делегаты.

1975 жылы Бирма Республикасында Қазақстанның жастар құрамында болды.

2 мәрте «Ленин», «Октябрь революциясы» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

1980 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2007 жылдың 24 желтоқсанынан №6-4с шешімімен «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.

Сәғитов Әнуәрбек Мамырұлы

Сәғитов Әнуәрбек МамырұлыСәғитов Әнуәрбек Мамырұлы 1948 жылғы 19 мамыр күнi Омбы облысы, Азов ауданының Шонай ауылында дүниеге келдi. 1966 жылдың тамыз айынан 1968 жылдың маусым айына дейiн Қызыләскер сегiзжылдық мектебiнде мұғалiмдiк қызмет атқарды. 1972 жылы Омбы ауыл шаурашылығы институтын бiтiрiп, Көкшетау облысы, Ленинград ауданының Қызылту совхозының бас зоотехнигi болып, 1976-1979 жылдары Қазақстан Коммунистiк партиясының Көкшетау облыстық ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң нұсқаушысы қызметiн атқарған.

1979-1982 жылдары Қазақстан Коммунистiк партиясының Көкшетау облыстық ауыл шаруашылығы бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары.

1982-1987 жылдары №47 Көкшетау жылқы зауытының директоры.

1987-1991 жылдары Қазақстан Компартиясының Рузаев аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы.

1991-1992 жылдары аудандық халық депутаттары Кеңесiнiң төрағасы, Қазақстан Компартиясының Рузаев аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы

1992-1995 жылдары Рузаев аудандық әкiмшiлiктiң басшысы. 1995-1997 жылдары Рузаев ауданының әкiмi.

1997-2002 жылдары Уәлиханов ауданының әкiмi.

2002-2005 жылдары Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әкiмi.

2005-2006 жылдары Есiл ауданының әкiмi.

2007 жылдан бастап осы уақытқа дейiн Ақмола облысының табиғатты қорғау және орман шаруашылығы департаментiнiң директоры.

1980 жылы «Құрмет белгiсi», 1986 жылы «Еңбек Қызыл Ту» ордендерiмен және көптеген медальдармен марапатталды.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2008 жылдың 7 мамырынан №3-6с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Әбішев Әбу

Әбішев ӘбуӘбiшев Әбу 1930 жылдың 25 наурызында Қызылорда облысы Чилин ауданы Жаңа Тұрмыс колхозында дүниеге келген. 1948 жылы орта мектептi бiтiрiп, Қарағанды мемлекеттiк университетiнiң геолого-география факультетiне оқуға түстi.

Университеттi тәмамдаған соң Қызылту орта мектебiнде қызмет еттi. 1954 жылдың тамыз айынан бастап Телман жетiжылдық мектебiнiң директоры болып тағайындалды, сонан соң Кiшкенекөл орта мектебiнiң директоры болып ауыстырылды.

1957 жылдан Қызылту партиясы комистетiнiң нұсқаушысы және бөлiм меңгерушiсi болып жұмыс iстедi.

1968 жылдың маусым айынан бастап Қызылту аудандық Кеңесi төрағасының орынбасары болып сайланды. 1988 жылдан СССР-дiң жойылғанына дейiн партия комиссиясының төрағасы болып жұмыс жасады.

«Құрмет Белгiсi» орденiмен және СССР мен Қазақстанның сегiз медальдарымен марапатталды.

Қазақстанның бiлiм беру iсiнiң үздiгi.

ҚазССР Министрлерi Кеңесi комиссиясының 1990 жылдың 27 шiлдесiнде №11 қаулысымен жекебасты зейнетақа тағайындалды.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2008 жылдың 21 шiлдесiнен №3-8с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Оразалин Қибадат

Оразалин ҚибадатОразалин Қибадат 1926 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Қарамырза ауылында дүниеге келген.

Қарағанды қаласының фельдшер зоотехник бөлiмшесiнде оқыды.

Еңбек өтiлi 1949 жылдан басталды.

1956 жылы Павлодар облысы Ертiс ауданы Аманкелдi селосында ветеринарлық дәрiгер болып жұмыс iстеген.

1959 жылы Қарамырза ауылында шопан болып жұмыс жасады.

1989 жылы зейнеткерлiк демалысқа шықты. Қазiргi уақытта Ақмола облысының Көкшетау қаласында тұрады.

Келесi марапаттары бар:

1971 жылы Социалистiк Еңбек Ерi атағын алып, осы жылы «Ленин» орденiмен марапатталды.

1973 жылы «Социалистiк жарыстарының жеңiмпазы» және «Тоғызыншы бесжылдықтың жеңiмпазы» белгiлерiмен марапатталды.

1976 жылы «Ерең еңбегi үшiн» медалiмен.

1980 жылы ХШЖК Мерекелiк медалiменен, 1984 жылы «Тыңға 30 жыл» Мерекелiк медалiменен, 1988 жылы «Еңбек ардагерi» медалiмен, 2004 жылы «Тыңға 50 жыл» және «ҰОС Жеңiсiне 60 жыл» Мерекелiк медальдарымен марапатталды.

2001 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтан Алғыс хат алды.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2008 жылдың 21 шiлдесiнен №3-8с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Иманов Төлеген Талгатұлы

Иманов Төлеген ТалгатұлыИманов Төлеген Талғатұлы 1950 жылғы 31 желтоқсанында Көкшетау облысы Қызылту ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Бiлiмi жоғарғы, 1974 жылы Қарағанды мемлекеттiк медициналық институтын тәмамдады, мамандығы бойынша дәрiгер, сонымен қатар Көкшетау облыстық аурухананың базасында 1975 жылы интернатураны аяқтады..

1975 жылдың тамыз айынан бастап хирургия бөлiмшесiнiң дәрiгер-ординаторы, 1979 жылдан АОА-ның хирургия бөлiмшесiн басқарып, 1982 жылдан бас дәрiгердiң орынбасары болып тағайындалды, 1990 жылдан қазiргi уақытқа дейiн Уәлиханов АОА-ның бас дәрiгерi ретiнде жұмыс iстейдi.

1992 жылы хирургтың жоғарғы саннаттағы бiлiктiлiгi берiлiп, 1997, 2002 және 2007 жылдары расталды.

2001 жылы Денсаулық сақтау Министрлiгiнiң грамотасыменен, Денсаулық сақтау Департаментi және медициналық қызметкерлерiнiң облыстық комиссиясы кәсiптiк одағының грамоталарыменен марапатталды. 2003 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi премиясыменен.

1988 жылы «Денсаулық сақтау үздiгi» белгiсiмен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 10 жыл» мерекелiк медалiменен, 2005 жылы «Құрмет» орденiменен марапатталды.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2008 жылдың 21 шiлдесiнен №3-8с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Тоқпанов Серік Имақұлы

Тоқпанов Серік Имақұлы

Медицина ғылымының докторы, профессор

Қазақстанда қазiргi кездегi белгiлi хирург. Жүрек және қан тамырлары ауруларына күрделi операция жасайды.

Қазақстан Президентi медицина орталығының бас дәрiгерi, VIP-хирургия бөлiмшесiн басқарған.

Халықаралық хирург-гепатолог, Ассоцияцияның мүшесi.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2011 жылдың 21 желтоқсанынан №6-37с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Негимов Серік Нығметоллаұлы

Негимов Серік Нығметоллаұлы1948 жылы 3 шiлдеде Көкшетау облысы Қызылту ауданы, Қулыкөл ауылында туған. ҚазМУ-дың филология факультетiн «филолог, қазақ тiлi мен әдебиетi» мамандығы бойынша бiтiрдi. Филология ғылымдарының докторы, профессор

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазiргi қазақ өлеңiнiң дыбыстық жүйесi», 10.01.03 — КСРО халықтары әдебиетi (ҚазССР ҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 1978). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Ақын-жыраулар поэзиясының образдық-метафоралық жүйесi», 10.01.03 — КСРО халықтары әдебиетi (ҚазССР ҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 1992).

1972-1992 жылдар аралығында ҚР ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Жамбылтану және қазiргi халық шығармашылығы бөлiмiнде аға лаборант, кiшi ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, 1989 жылдан берi бөлiм меңгерушiсi мiндеттерiн атқарған. 1992-1997 жылдары Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогика институты қазақ әдебиетi кафедрасының меңгерушiсi, 1997-2000 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi қазақ тiлi кафедрасының меңгерушiсi, 2000-2005 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң профессоры. 2005 жылдан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiнiң қазақ әдебиетi кафедрасында қызмет етедi.

Негiзгi еңбектерi: Өлең өрiмi (монография). 1980; Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелiлiгi. (монография). 1991; Өнерпаздық өрнектерi. (монография). 1996; Шешендiк өнер. (оқу құралы). 1997; Мәлiк Ғабдуллин. (монография). 2001; Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика. (монография). 2001; Қазақтың сал-серiлерi. 2005.

Қазақстанның Әлеуметтiк ғылымдар академиясының академигi. Өзiндiк ғылыми мектебi бар ғалым.

Қазақстан жазушылар одағының мүшесi. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Бiлiм және ғылым саласы бойынша қадағалау мен аттестаттау комитетi Гуманитарлық ғылымдар жөнiндегi сараптау кеңесiнiң мүшесi.

Әр жылдары диссертациялық кеңестiң төраға орынбасары. Астана қаласы мен республика бойынша қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнен өткiзiлетiн оқушылардың ғылыми жобаларын сараптайтын комиссияның, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң орта және жоғары мектепке арналған оқулықтарды сараптайтын, ҚР әдебиет, өнер және сәулет саласы бойынша Мемлекеттiк сыйлықтарды беру жөнiндегi мемлекеттiк, Астана қалалық ономастика комиссияларының мүшесi.

«ҚР Бiлiм беру iсiнiң үздiгi» белгiсiмен марапатталған (1994).

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2011 жылдың 21 желтоқсанынан №6-37с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Әмренов Баяш Қаутанұлы

Әмренов Баяш ҚаутанұлыӘмренов Баяш Қаутанұлы — 1939 жылы туған. 1980 жылы Қазақ КСР-ның Мемлекеттiк премиясының Лауреаты атанды. 1981 жылы — Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болды.

Уәлиханов ауданы «Золотая Нива» совхозының табыншысы, атақты жылқышысы болған. Еңбек жолын 1956 жылы Шучинск ауданының Чапаев атындағы колхозының табыншысы болып бастаған. Ленин орденiмен, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденiмен және басқа да медальдармен марапатталған.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2013 жылдың 21 қазанынан №3-16с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Кәрiбаев Есенгелдi Шәйкенұлы

Кәрiбаев Есенгелдi ШәйкенұлыЕсенгелдi Шәйкенұлы Кәрiбаев 1954 жылы 13 мамырда Көкшетау облысының Қызылту ауданының Бұланбай селосында дүниеге келген.

1976 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша аяқтады.

Есенгелдi Шәйкенұлы Кәрiбаев еңбек жолын 1971 жылы «Қазақстанға 40 жыл» совхозының шопан көмекшiсi ретiнде бастады. 20 жылдан артық Қарағанды және Көкшетау облыстарының бiрқатар совхоздарында бас экономист болып жұмыс iстедi. 1997-2000 жылдар аралығында Ленин аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымында еңбек еттi.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қасындағы мемлекеттiк қызмет Академиясын аяқтағаннан кейiн жерлердiң пайдалануын бақылау және қорғау жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк инспекциясының бастығы болып тағайындалды.

2002-2006 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкiмi лауазымында абыроймен қызмет атқарды.

2006-2008 жылдар аралығында жер ресурстарын басқару жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облысының аумақтық басқармасының бастығы, 2008-2009 жылдары — ҚР Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша мекемеаралық жер инспекциясы бастығының орынбасары болып жұмыс iстедi.

2009 жылғы 19 мамырдан қазiргi уақытқа дейiн «Солтүстiк Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы лауазымында қызмет атқарады.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2014 жылдың 8 сәуiрiнен №5-22с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Айтхожин Рашит Өтебайұлы

Айтхожин Рашит ӨтебайұлыАйтхожин Рашит Өтебайұлы 1938 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы Коммунизм ауылында дүниеге келген.

1955 жылы Орал педагогикалық институтында география факультетiн аяқтады.

Айтхожин Рашит Өтебайұлы еңбек жолын 1960 жылы Қзылту №2 орта мектебiнiң география пәнiнiң мұғалiмi ретiнде бастады. 1968-1985 жылдар аралығында осы мектептiң директоры қызметiн атқарды. 1988 жылы қазiргi Ауылшаруышылық колледжiнiң директоры қызметiне ауысты.

1996 жылы Көкшетау қаласына көшiп барып, Көкшетау №19 орта мектебiнде география пәнiнiң мұғалiмi болып жұмыс жасады. 2001 жылы зейнет жасына шықты.

Адал еңбегiнiң арқасында «За участие в освоении целино-залежных земель», «100 лет В.И. Ленина» медальдармен марапатталып, «Отличник народного Просвещения КазССР» атағына ие болды.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2014 жылдың 15 тамызынан №3-26с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Қалиев Сансызбай Мұхамедрахымұлы

Қалиев Сансызбай МұхамедрахымұлыҚалиев Сансызбай Мұхамедрахымұлы 1940 жылы 5 қаңтарында Қызылту ауданындағы Кiшкенекөл селосында туған. Қазақтың Мемлекеттiк дене тәрбиесi институтын бiтiрген.

1986 жылы аудандық күрес мектебiн ашып, оны 25 жылдай басқарған. Осы жылдары бiрнеше спорт шеберлерiн және Республика чемпиондарын дайындаған. 1969 жылы өзi қазақша күрестен республика чемпионы атағын жеңiп алды. Кейiн үш орта мектепте жетекшiлiк еттi, аудандық бiлiм бөлiмiнiң әдiстемелiк кабинетiн басқарды.

«Қазақ ССР-i iсiнiң үздiгi» төсбелгiсiмен, бiрнеше мемлекеттiк наградалармен марапатталған.

2007 жылдан осы уақытқа дейiн Уәлиханов ауданының Ардагерлер ұйымын басқарады.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2014 жылдың 24 қыркүйегiнен №3-27с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Тұралинов Серiкбай Шәрiпұлы

Тұралинов Серiкбай ШәрiпұлыСерiкбай Шәрiпұлы Тұралинов 1954 жылы 25 желтоқсанында Көкшетау облысы Володар ауданы Қызыл-Әскер селосында дүниеге келген.

1987 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылықтың инженер-механигi» мамандығы бойынша аяқтады.

Серiкбай Шәрiпұлы Тұралинов еңбек жолын 1978 жылы «Карасев» совхозының МТШ-да механик қадағалаушы, меңгерушiсi лауазымдарынан бастады.

1982-1986 жылдары Бурлук ауылының Володар РСХО-сының бас инженер-механигi.

1986-1987 жылдары Дауқара ауылының Қазақстан РСХО-сының партиялық комитетiнiң хатшысы.

1987-1996 жылдары Володар ауданы Қаратал ауылының совхоз директоры.

1996-1999 жылдары Айыртау ауданындағы «Лавровка» ЖШС-нiң директоры.

1999-2011 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкiмiнiң орынбасары.

2011-2013 жылдары Уәлиханов ауданы әкiмi лауазымында қызмет атқарды.

Серiкбай Шәрiпұлы Тұралинов еңбек жолында бiр қатар наградалармен марапатталған: «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10, 20 жыл» мерейтойлық медалдерiмен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 20 жыл» мерейтойлық медалiмен, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алғыс хатымен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдерi В. Смирновтың, С. Бiләловтың және Е. Сұлтановтың Құрмет грамоталарымен, Ауылшаруашылығы Министрлiгiнiң Құрмет грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар, Ауылшаруашылығы, Спорт Министрлiктерiнiң және Ауылшаруашылығы жұмысшылары салалық кәсiподағының 3 төсбелгiсiне ие.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2015 жылдың 23 желтоқсанынан №6-36с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Уәхитов Есләм Болатұлы

Уәхитов Есләм БолатұлыЕсләм Болатұлы Уәхитов 1961 жылы 4 маусымда Көкшетау облысы Еңбекшiлдер ауданы Макинка селосында дүниеге келген.

1987 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Ғылым агроном» мамандығы бойынша аяқтады.

Есләм Болатұлы Уәхитов еңбек жолын 1978 жылы «Южный» совхозының №2 бөлiмшесiнiң жұмысшысы ретiнде бастады.

1979-1981 жылдары Кеңес Әскерi қатарында қызметiн атқарды.

1982-1987 жылдары — Целиноград қаласының №2552 автоколонасының автослесарi болып жұмыс жасады.

1987-1989 жылдары «Южный» совхозының №2 бөлiмшенiң агрономы.

1989-1994 жылдары «Южный» совхозының №2 бөлiмшенiң бас агрономы.

1994-1995 жылдары «Қойтас» совхозының бас агрономы.

1995-1999 жылдары Куйбышев аудандық өсiмдiктi қорғау станциясының бастығы.

1999-2001 жылдары Целинный аудандық өсiмдiктi қорғау станциясының бастығы.

2001-2004 жылдары Целинный, Ғабит Мүсрепов атындағы аудандарының ауыл шаруашылығы және ауылшаруашылық өнiмдi өндiру басқармасының бастығы.

2004-2006 жылдары «Холдинг Казэкспортастық» АҚ-ның Қадағалау Кеңесi төрағасының кеңесшiсi.

2006-2007 жылдары — Тайынша ауданының «Котовское СК Фирмасы» ЖШС-нiң бас директоры, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң кеңесшiсi, Аққайын ауданының әкiмi, Уәлиханов ауданының әкiмi лауазымдарында қызмет атқарды.

Келесi наградалармен марапатталған: «Жауынгерлiк ерлiгi үшiн» (1982 ж.); «КСРО-ның Қарулы Күштерiне 70 жыл» (1988 ж.); «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерiн шығарылғанына 15 жыл және 20 жыл», (2005, 2010 жж.), 2010 жылы «Құрмет» Орденiмен марапатталған.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2015 жылдың 23 желтоқсанынан №6-36с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Шамшынұров Марат Оразбайұлы

Шамшынұров Марат ОразбайұлыШамшынұров Марат Оразбайұлы Уәлиханов ауданының тумасы, 1963 жылғы 21 тамызында дүниеге келген.

Ауылшаруашылық институтын бiтiрiп, бұрыңғы Көкшетау, Солтүстiк Қазақстан облыстарының шаруашылықтарында зоотехник, директор қызметтерiн атқарған.

Спорт саласына ауысып, Қазақстан Республикасы Күрес федерациясының, Азия федерациясының, Дүниежүзiлiк федерациясының басшы қызметтерiн атқарып, қазақтың төл күресiнiң дүниежүзiне таралып, дамуына үлес қосып жүр.

Марат Оразбайұлы көптеген атаққа ие — «Қазақша күрес» Бүкiләлемдiк Федерациясының бiрiншi вице-президентi, Қазақ күресiнен Азия федерациясының президентi, Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының «Қазақ күресi», «Самбо күресi» бойынша спорт шеберi, Қазақ күресiнен Қазақстан Республикасының спорт шеберi, Қазақстанның, Қырғызстанның және Монғолия Республикаларының дене шынықтыру және спорт саласының еңбек сiңiрген қайраткерi, Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелi төрешiсi, Көкшетау қаласы Абай Мырзахметов атындағы университетiнiң және Астана қаласы университетiнiң профессоры.

Сондай-ақ Ресей Федерациясы Спорт Министрлiгiнiң «Спортты дамыту үшiн» орденiнiң иегерi.

Уәлиханов ауданында бiрнеше рет республикалық жарыстар өткiзiп, ауданның дәрежесiн жоғарғы деңгейге көрсетуге, жас балуандардың үлкен додаларға, сайыстарға қатысуға мүмкiндiк жасап жүрген азамат.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2015 жылдың 23 желтоқсанынан №6-36с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Сатыбаев Төлеген Тасымұлы

Сатыбаев Тулеген Тасымович Сатыбаев Төлеген Тасымұлы 1943 жылы 8 қаңтарда Омбы облысы Есiлкөл ауданы Старый Мәскен ауылда дүниеге келдi.

1965 жылы Алматылық халық шаруашылығы институтына түсiп 1970 жылы өнеркәсiбi саласының экономист жобалаушысы мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолында Қызылту элеваторының бекiткiшi, содан соң Қызылту мемлекеттiк статистикасы аумақтық инспекциясының экономисы, Қызылту аудандық мемлекеттiк банкi бөлiмiнiң құрылыс бойынша инженерi, Қазақстан кеңес одағының Қызылту аудандық Комсомол комитетi ұйымдастыру бөлiмiнiң меңгерушiсi «Кокчетавсельстрой» трестының жобалау өндiрiстiк бөлiмiнiң бастығы, сол трестiнiң бастығы болып iстедi

1983 жылғы қараша айынан бастап 2008 жылғы қараша айына дейiн Қызылту аудандық пошта байланысы торабының бастығы болған.

Мiнсiз және ұзақ жылдары бойы қызметi үшiн 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Құрметтi байланысшысы» атағына ие болды

Кезiнде «Тың тыңайтылған жерлердi игергенi үшiн» медалiмен «Қазақстан Республикасының мәслихаттарынына 20 жыл» облыс және аудан әкiмдерiнiң Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған.

2007 жылы «Ауыл» партиясының атынан Қазақстан Републикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне кандидат ретiнде ұсынылған.

Бiрнеше рет кенттiлiк және аудандық Кеңестерiнiң депутаты болып сайланған, 1994 жылы Кокшетау облыстық мәслихатының депутаты, 1997 жылы Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болған

2008 жылғы қараша айынан бастап зейнеткерлiк демалысында.

Сатыбаев Т.Т. осы күнге дейiн аудандық пошта байланысының жұмысын қадағалайды және ауданда өтетiн iс шараларының белсендi қатысушысы болып танылады.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2016 жылдың 08 желтоқсанынан №5-9с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

Вовк Виктор Евгеньевич

Вовк Виктор Евгеньевич Вовк Виктор Евгеньевич 1965 жылғы 30 маусымында Көкшетау облысы Қызылту ауданы Степной совхозында, тың игерушiлер отбасында дүниеге келген.

1982 жылы Степной орта мектебiн аяқтағаннан кейiн Алматы қаласындағы медицина институтына «Стомотология» бөлiмшесiне оқуға түстi. 1987-1990 жылдары ординаторияда, 1990-1994 жылдары хирургиялық стомотологиясының аспирантурасында оқыды. Оны аяқтағаннан кейiн «Төменгi жақтың неогнестрелдi травматикалық остео-мелитi клиникасы және кешендi емдеуi» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғаған.

1997 жылдан бастап иплантологиямен айналысады. Имплантация бойынша 2 авторлық куәлiгi мен патентi бар. Студенттер үшiн «Биомеханика стомотологиясының ерекшелiктерi» монографиясының авторына тең.

Вовк В.Е. жоғары санаттағы дәрiгер, Украина имплантанттары қауымдастығының Құрметтi мүшесi, Қазақстанның денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi, 50 астан ғылыми еңбектерiнiң авторы.

Бiрнеше жылдар iшiнде Уәлиханов ауданының Көбенсай ауылына материалдық көмегiн көрсетiп келедi. Оның жеке қаражаты есебiнен шағын футбол алаңы салынды. Аталған футбол алаңында жыл сайын жастар мен оқушылар арасында аудандық жарыстар өткiзiледi. Сонымен қатар алғашқы тың игерушiлерiнiң Құрмет Тақтасын жасады.

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2016 жылдың 08 желтоқсанынан №5-9с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» деген атақ берiлдi.

23.05.2017 08:46

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика