Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Мәдениет, дін, спорт және туризм

Мәдениет, дін, спорт және туризм

Аудан бойынша 2016 жылдың спорт бойынша ақпараты

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң 2016 жылға арналған азаматтарды қабылдау кестесi бекiтiлдi: Қабылдау күндерi аптаның барлық жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 17:00-ге дейiн.Үзiлiс уақыты сағат 13:00-ден 14:30-ға дейiн. Сенбi, жексенбi күндерi — демалыс.

2. Бөлiмнiң қызметкерлер туралы ақпарат

АТЖ Лауазымы Сот. тел Жұмыс тел. Үй тел.
1 Сәдуақасов Бауыржан Шаменұлы Бөлім басшысы 87025764601 8 (715 42)
21-4-25
21-7-14
2 Көжекбаева Данагүл Ерікқызы Бас маман-есепші 87051198762
87024001477
8 (715 42)
21-4-25
21-4-52
3 Хасенова Әйгерім Нұрмағанбетқызы Бас маман 87072054025 8 (715 42)
21-4-25
22-2-00
4 Каркошев Олжас Адильханұлы әдіскер 87787350521 8 (715 42)
21-4-25
21-5-05
5 Жапаров Бекежан Қауашұлы жүргізушісі 87029164760 8 (715 42)
21-4-25
-

ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Президентiнiң «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру: спортпен шұғылданатын халықтың санын ұлғайту және көпшiлiк спортты дамыту мақсатында аудан бойынша мақсатты түрде бағытталған жұмыс жүргiзiлуде.

Аудан аумағында 135 спорт нысандары жұмыс iстеуде (2014 жылы 94 спорт нысана). Соның iшiнде 3 стадион, 9 ату тирi, 25 спорт зал, 1 ипподром, 20 хоккей корты, 77 жазықтық нысандар.

Дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысатын азаматтардың саны — 4830 адам немесе аудан тұрғындарының 28,2 % құрады (2014 жылы — 4550 адам). Оның iшiнде 3362 14-29 жастағы жастар. Жыл басынан аудандық деңгейде спорт тарапынан 44 спорттық iсшаралар ұйымдастырылып, оған 2000 жуық спортшы қатысты.

Ауданымызда балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебiнде 31 топта 330 бала спортпен айналысады, олардың iшiнде алғашқы дайындық бойынша 12 топ және 19 оқу-жаттықтыру тобы бар. Спорттың 6 спорт түрi бойынша (еркiн күрес, қазақ күресi, футбол, хоккей, жеңiл атлетика, шаңғы) шұғылданады. Дене шынықтыру дайындығының балалар және жасөспiрiмдер клубында 250 бала спортпен айналысады. Аудан бойынша спорттық ғимараттарда барлық спорттық секциялар тегiн.

14-16 қаңтарда Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай мемлекеттiк қызметкерлер арасында шыңғы, шорт-трек және футзалдан жарыстар өттi. Өған жалпы 97 мемлекеттiк қызметкерлер қаттысты.

Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күнi Кiшкенекөл №2 орта мектебiнде «Солтүстiк-2016» қысқы спорт ойындары бағдарламасында Президенттiк көпсайыстан жеке-командалық бiрiншiлiк өттi. Ауданымыздың 7 округ командалары: Ақбұлақ, Ақтүйесай, Бидайық, Көктерек, Қарасу, Кiшкенекөл, Телжан ауылдық округтары қатысты. Барлығы қатысқандардың саны 57 адам.

Ағымдағы жылдың 3-4 ақпан күндерi аралығында ауылшарушылық колледжiнде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған мемлекеттiк қызметкерлер арасында футзал жарысы өттi. Жарысқа қатысушылардың саны 32 мемлекеттiк қызметкерлер.

Ағымдағы жылдың ақпанның 6 күнi «Медерес» хоккей кортында «Солтүстiк-2016» облыстық қысқы спорт ойындары бағдарламасында шайбалы хоккейден аймақтық ойындар өттi. Жарысқа 4 аудан командалары қатысты: Ақжар, Жамбыл, Тимирязев. Бiздiң құрама команда 1 орынға иелендi.

Ағымдағы жылдың ақпанның 14 күнi Ақтүйесай ауылында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына орай және кеңес әскерлерiнiң Ауғаныстаннан шығаруына арналған шайбалы хоккейден ашық турнир өттi. Жарысқа 5 ауылдық округ командалары қатысты: Ақтүесай ауылдық округi, Бидайық ауылдық округi, Көктерек ауылдық округi, Авто-Тұлпар және Медерес командалары.

Ағымдағы жылдың 16-17 ақпан күндерi аралығында Кiшкенекөл ауылында Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жылдығын орай «Солтүстiк-2016» аудандық қысқы спорт ойындарының ақтақ кезеңi спорттын үш түрiнен өттi: шаңғы жарысы, шорт-трек және шайбалы хоккей. Барлық спортшылардың саны 144 адам.

Ағымдағы жылдың 12 ақпан күнi дене шынықтыру және спорт бөлiмi, бiлiм бөлiмi, балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебiмен Кiшкенекөл ауылының ауылшаруашылық колледжiнде еркiн күрестен турнир өттi. Бұл турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына және кеңес әскерлерiнiң Ауғаныстаннан шығаруына арналған. Жарысқа Қайрат, Қондыбай, Қулыкөл, Жасқайрат, Жамбыл, Кiшкенекөл ауылдары және көршiлес Ақжар ауданы қатысты. Барлығы қатысушылардың саны 65 спортшы.

Ақпан айында Петропавл қаласында облыстық чемпионатында қазақ күресiнен ауданымыздың балалар және жөспiрiмдер спорт мектебiнiң оқушысы Жолбарысов Айдар 1 орынға, Бопашев Азамат 2 орынға, Раян Сабит 3 орынға иелендi. Жалпыкомандалық 3 орын алды.

21 наурыз күнi Кiшкенекөл ауылының орталық алаңында Наурыз мерекесiне арналған бүкiл тұрғындар үшiн спорттық сайыстар өткiзiлдi: армрестлинг, гiр спорты, таяқпен жүру, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, дартс, жiлiк ұру, арқан тартыс, желке тартыс және ауылшаруашылық колледжде отбасылық футзал өткiзiлдi, оған 4 команда қатысты: Сұлтановтар отбасы — 1 орын, Ахметовтар отбасы — 2 орын, Тлеукабыловтар отбасы — 3 орын.

22 наурыз күнi дене шынықтыру және спорт бөлiмiмен балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебiмен ауылшаруашылық колледжiнде қазақ күресiнен кадеттер арасында ашық турнир өттi. Жарысқа ауылдық округ спортшылары 5 дәрежелi салмақата бойынша қатысты.

Террористiк актiлердi болдырмау жөнiндегi халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйiңiздiң кiреберiсiндегi, аулаларыңыздағы, көшедегi бөгде заттар мен адамдарды дер кезiнде өздерiңiз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүрiс-тұрысына, орынсыз жатқан иесiз мүлiктер мен заттарға көңiл аударыңыздар.

Үйлерiңiздiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiңiздер: кiреберiсте домофонымен темiр есiк орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есiктерiнiң ашық — жабықтығын тексерiңiздер.

Көлiктегi жолаушының күдiктi жүрiс-тұрысын көрiп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сiздер көлiкпен жүру қауiпсiздiгiн сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тiптi, өте қауiпсiз болса да, қандай да бiр сақтау немесе басқа бiреуге беру үшiн бiреудiң қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесiз) жерде күдiк тудыратын затты тауып алу сiздiң сақтығыңызды әлсiретуге тиiс емес. Қаскөй адам оны бiр нәрседен, бiреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкiн.

Тiптi, сiздiң жарылғыш құрылғыларын бiлетiн жеке тәжiрибеңiз болса да, онымен бiр нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздiгiнен жарылғыштар өте сезiмтал және әккi болып келедi.

Күдiк тудыратын затқа жақындамаңыздар, тiптi қол тигiзбеңiздер, бұл — өмiрлерiңiзге өте қауiптi.

Балаларыңызға қауiпсiздiк шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есiк ашуға, жерде жатқан иесiз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретiңiздер.

Күдiктi тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама

Терроризм актiлерiн дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгiлерi:

  1. сiз жұмыс iстейтiн немесе үйдiң ауласында, ғимарат айналасында (жиi баратын жерiңiздi) күдiктi тұлғалардың бiрнеше рет көрiнуi, фото және бейне түсiрме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;
  2. құқық қорғау орган қызметкерлерiмен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттерi (басын түсiру, бұрылып кету, бетiн жабу);
  3. жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кiруi;
  4. тұрғын және әкiмшiлiк ғимараттарға қызмет көрсететiн персоналдар және күзетушiлермен бейтаныс адамдардың негiзсiз байланысқа түсуi, олардан жұмыс тәртiбi, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнiнде мәлiметтердi жинақтау;
  5. бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйiншек, посылка берiп жiберу) iрi сыйақыға орындайтын тұлғаларды iздеуi.

Күдiктi тұлғаларды байқаған жағдайда келесi iс-қимылды орындау қажет:

  1. Ұстауға өздiгiмен әрекет қабылдамау;
  2. Олар жөнiнде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
  3. Өзiңiз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгiлерiн, киiмдерiн және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлiк номерiн және маркасын, қозғалыс бағытын белгiлеп алу.

Күдiктi зат тауып алған кездегi тұрғындарға арналған жаднама

Бiлiңiздер: заттардың сыртқы көрiнiсi оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкiн. Жарылғыш заттар үшiн камуфляж есебiнде әдеттегi тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйiншек, қорап, ойыншық және т.б.

Табылған заттардың жарылу қаупiн куәландыратын, белгiлерi:

  1. көлiк маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгiсiз түйiншектiң немесе басқада бiр заттардың болуы;
  2. бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кiреберiсте, пәтер есiгiнiң, көлiктiң маңында өзгеше орналасуы;
  3. табылған күдiктi заттан шудың шығуы (сағат механизмiне, жиiлiгi төмен дыбысқа тән).

Егер де сiз күдiк тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактiнi назардан тыс қалдырмаңыз:

1) қоғамдық көлiкте:

  • заттың (сөмкенiң және т.б.) кiмдiкi екенiн немесе кiм қалдырып кетуi мүмкiн екенiн қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
  • егер иесi анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргiзушiге немесе кондукторға хабарлаңыз.

2) үйiңiздiң кiре берiсiнде:

  • көршiлерден сұраңыз, мүмкiн ол зат соларға тиесiлi шығар. Егер иесi анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:

  • айналаңызға қараңыз, егер мүмкiндiк болса, заттың иесiн анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);
  • затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендердi жiбермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат берiңiз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

  • тауып алған зат туралы объект күзетшiсiне немесе әкiмшiлiгiне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдiк тудыратын заттармен жеке iс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкiн, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуi мүмкiн.

Үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады:

  • табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бiр жерден екiншi жерге апаруға, қолға алуға;
  • табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
  • жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
  • заттардан шығып тұрған сым темiрлердi немесе сымдарды үзiп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
  • табылған заңсыз затты пайдалануға;
  • оған жақын аралықта радио- және электрлi-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

Жарылғыш құрылғылардың iске қосылуы нәтижесiнде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйiндiлерiнiң арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сiз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бiрiншi кезекте түтiн мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиiссiз.

Егер сiз жарылыс кезiнде зардап шекпесеңiз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерiн бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есiн жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есiн мүсәтiр арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану — бұл организмнiң сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлерi болмаса (оның сүйектерiн мұқият басып көрiңiз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетiнен жатса тұншығып қалуы мүмкiн. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жiппен, белбеумен, баумен, белдiкпен таңу керек.

Егер сiз ғимараттың қираған үйiндiлерi арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бiрқалыпты тыныс алыңыз. Өзiңiздi құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сiз ғимараттың қираған үйiндiлерiнiң түбiнде қалсаңыз, сiздi жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшiн кез келген металл затты (сақина, кiлт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекiтулi кеңiстiкте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегiн сақтаңыз.

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкiндiгiңiз болса, қолға ұстауға келетiн заттардың (тақтайлар, кiрпiштер және т.б.) көмегiмен төбенi бекiтiңiз, содан соң көмек күтiңiз. Қатты шөл қысқан кезде кiшкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

Адамдарды кепiлге алған жағдайдағы iс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жаднама

Адамдарды кепiлге алудың әрбiр нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленедi.

Сонымен қатар егер сiз кепiлге алынсаңыз:

  1. өз-өзiңiзге мүмкiндiгiнше жылдам келiңiз, тынышталыңыз және үрейленбеңiз;
  2. егер өзiңiздi байлап немесе көзiңiздi жапса, бойыңызды еркiн ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
  3. болуы мүмкiн қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепiлге алынғандардың тiрi қалғандығын есте сақтаңыз. Сiздi босату үшiн құқық қорғау және арнайы органдары кәсiби шаралар қолданып жатқанына сенiңiз;
  4. егер қашып кете алатыныңызға толық сенiмдi болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;
  5. террористер туралы мүмкiндiгiнше көбiрек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесiн мақсатқа сай белгiлеу, дене бiтiмiне, сөйлеу акцентi мен тақырыбына, темпераментiне, өзiн ұстау мәнерiне және т.б. сыртқы пiшiнiн сипаттайтын ерекшелiктерге көңiл аудара отырып, барынша толық кескiнiн жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердiң жеке бастарын анықтауда көмегi тиедi;
  6. әр түрлi белгiлер бойынша өзiңiз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;
  7. мүмкiндiгiнше терезелерден, есiктерден және адам ұрлаушылардың өздерiнен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсендi шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердiң қылмыскерлердi көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауiпсiз жерге орналасыңыз;
  8. ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңiзге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;
  9. егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сiзбен әдепкiде (Сiздiң жеке басыңызды анықтағанға дейiн) ықтимал қылмыскер ретiнде бiрқатар дөрекi iс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сiздi тiнтуi, қолыңызға кiсен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкiн. Бұл тәрiздi жағдайларға түсiнiстiкпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттерi (барлық адамды түпкiлiктi сәйкестендiргенге және шынайы қылмыскерлердi анықтағанға дейiн) дәлелденген.

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

  1. агрессивтi қарсылық көрсетпеңiз, шалт және қауiп төндiретiн қимыл жасамаңыз, террористердi өздерi ойластырмаған iс-әрекеттерге итермелемеңiз;
  2. мүмкiндiгiнше адам ұрлаушылармен тiкелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;
  3. бастапқыдан-ақ (әсiресе, бiрiншi жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкiмiн орындаңыз;
  4. пассивтi ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесiңiз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкiн дұшпандық рең мен iс-қимылға шақыратын жек көрушiлiк сезiмiн бiлдiруден қашыңыз;
  5. өзiңiздi сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзiлдi-кесiлдi қарсылық жасамаңыз, бiрақ өзiңiзге өте қажеттi жағдайда сабырмен өтiнiш жасаудан қорықпаңыз;
  6. аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкiн денсаулық кiнәратыңыз болса, бұл туралы өзiңiздi ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткiзiңiз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, бiртiндеп өзiңiздiң жай-күйiңiздi жақсартуға байланысты өтiнiштер деңгейiн арттыруға болады.

Кепiлдiк жағдайында ұзақ болған кезде:

  1. уайым, абыржу және асып-сасу сезiмiнiң орын алуына жол бермеңiз. Алдағы сынақтарға өзiңiздi ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсендiлiгiн сақтаңыз;
  2. ашыну сезiмiнiң пайда болуынан қашыңыз, ол үшiн өз-өзiңiздi сендiрудiң iшкi ресурстарын пайдаланыңыз;
  3. жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсiрiңiз. Уақыт өткен сайын сiздi босату мүмкiндiктерiнiң арта түскенiн ойлаңыз. Сiздi дәл қазiр босату үшiн барлық мүмкiндiктердiң жасалып жатқандығына сенiңiз.
  4. өзiңiзге тұрақты айналысатын бiр iс (дене жаттығулары, кiтап оқу, өмiр туралы естелiктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық iс-қимылдың тәулiктiк кестесiн белгiлеңiз, оларды қатаң әдiстемелiк тәртiппен орындаңыз;
  5. күшiңiздi сақтау үшiн, тiптi ұнамаса және тәбетiңiздi ашпаса да берген тағамның бәрiн жеңiз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетiңiз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепiлдегi адамды құтқарудың маңызды шарттарының бiрi. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкiндiк беретiн жағымсыз әсерлер мен күйзелiстерден оқшаулайтын кез келген амал-әдiстер тиiмдi. Келесi ережелердi ұғып алған пайдалы:

  1. аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегi барлық бұлшық еттердi кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;
  2. барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседi;
  3. iшiңiзден оқыған кiтаптарыңызды, өлеңдерiңiздi, әндерiңiздi есiңiзге түсiрiңiз, жүйелi түрде әр түрлi дерексiз проблемаларды (математикалық есептердi шығарыңыз, шетел сөздерiн есiңiзге түсiрiңiз және т.б.) ойлап алыңыз. Сiздiң ақыл-ойыңыз жұмыс iстеуi керек.
  4. егер мүмкiндiк боласа, қолыңызға түскеннiң бәрiн, тiптi оның мәтiнi сiзге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-естi сақтауға көмектесетiн осы үдерiстiң өзi маңызды.
  5. Болып жатқан жағдайларды жүрегiңiзге жақын алмай, сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейiн iстiң сәттi аяқталатынына сенiңiз. Қорқыныш, торығу мен селқостық — бұл үшеуi сiздiң негiзгi жауыңыз, оның бәрi — өз iшiңiзде жатыр.

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегi тұрғындардың iс-қимылдары жөнiндегi жаднама

Егер сiз қауiпсiз жерге көшiрудi бастау туралы ақпаратты үйiңiзде естiсеңiз:

  1. ауа-райына қарай киiнiңiз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  2. электрдi, газды, суды ажыратыңыз, пештегi (алау ошақтағы (камин) отты сөндiрiңiз;
  3. көшу кезiнде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетiңiз;
  4. кiреберiс есiктi құлыпқа жабыңыз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшiрушiнiң командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейiн ғана қайта оралыңыз.

Егер сiз қауiпсiз жерге көшiру туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естiсеңiз:

  1. асықпай және дүрлiкпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кiлтпен жабылатын үстел жәшiктерiне жинаңыз;
  2. өзiңiзбен бiрге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  3. ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндiрiңiз;
  4. есiктi кiлттеп жабыңыз және көшiру тәсiлiнде белгiленген бағытпен жүрiңiз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшiру басшысының командасын орындаңыз.

Уәлиханов ауданының БЖСМ-ң 2015-2016 жылдын ақпараты

БЖСМ Директоры Хасенов Бектай Султанғазыұлы ҚСРО-ның еркiн күресiнен спорт шеберi, бiлiмi жоғары.

2015-2016 о.ж. 31 топ, олардын iшiнде АДТ — 13 топ, ОЖТ — 18 топ 330 оқушы спорт түрлерiмен айналысуда, 6 спорттық бөлiмше; еркiн күрес, футбол, шайбаллы хоккей, шаңғы, қазақ күресi, женiл атлетика.

16 жаттықтырушылары жұмыс iстейдi, олардың iшiнде 7 — штаттық және 9 — бөлiмше, бәрiнде жоғары спортық бiлiмi бар, олардың iшiнде бiрiншi категориялық — 4 жаттықтырушы, екiншi — 7 жаттықтырушы. БЖМС-ң сабақтары мектептiң залдарында өткiзiледi.

Уәлиханов аудандық БЖСМ-ң 2015-2016 оқү жылына сабақ кестесi

Еркін күрес
Группаның атауы Дс Сс Ср Бс Жм Сн Өткізу орны Жаттықтырушы
1 ОЖТ-3 ж 15.00-18.00 15.00-18.00 15.00-18.00 15.00-18.00 15.00-16.30
Ауылшаруашылық колледжі Хусайнов Сакен Кайргельдіұлы
ОЖТ-4 ж 17.00-20.00 17.00-20.00 17.00-20.00 17.00-20.00 17.00-20.00 15.00-16.30
2 АДТ-2ж 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30
Ауылшаруашылық колледжі Сарбасов Сейлбек Койшыбайұлы
ОЖТ-1ж 16.00-18.15 16.00-18.15 16.00-18.15 16.00-18.15
3 ОЖТ-2ж 15.00-17.15 15.00-17.15 15.00-17.15 15.00-17.15 15.00-16.30
Өндіріс ОМ Валиев Куаныш Куттымбетұлы
4 ОЖТ-3ж 15.00-18.00 15.00-18.00 15.00-18.00 15.00-18.00
15.00-18.00 Әуэзов ОМ Алипов Имаш Калиұлы
5 АДТ-2ж 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30
15.00-16.30 Чернигов ОМ Бигайдаров Хайрат Киакбайұлы
6 ОЖТ-1ж 16.00-18.15 16.00-18.15 16.00-18.15 16.00-18.15

Ауылшаруашылық колледжі Хасенов Бектай Султангазыұлы
Футбол. шайбалы хоккей
7 АДТ-2ж
10.00-11.30 10.00-11.30 10.00-11.30 10.00-11.30 10.00-11.30 Мектеп Гимназия Хоккейлық корты Шайхин Жақсылық Хайроллаұлы
ОЖТ-1ж 15.00-17.15 15.00-17.15 15.00-17.15 15.00-17.15

ОЖТ-3ж 16.30-19.30 16.30-19.30 16.30-19.30 16.30-19.30 15.00-16.30
Мектеп Гимназия Спорт алаңы
8 ОЖТ-3ж 16.30-19.30 16.30-19.30 16.30-19.30 16.30-19.30 15.00-16.30
Мектеп Гимназия Хоккейлық корты Жапаров Асхат Еркешұлы
ОЖТ-1ж 15.00-17.15 15.00-17.15 15.00-17.15 15.00-17.15

АДТ-2ж 10.00-11.30 10.00-11.30 10.00-11.30 10.00-11.30 10.00-11.30
Мектеп Гимназия Спорт алаңы
9 ОЖТ-1ж 16.00-18.15 16.00-18.15 16.00-18.15 16.00-18.15

Мектеп Гимназия Спорт алаңы Жапаров Серик Бекежанұлы
Қазақ күресі
10 ОЖТ-2ж 15.00-17.15 15.00-17.15 15.00-17.15 15.00-17.15 15.00-16.30
Жамбыл ОМ Имагамбетов Досым Аблайұлы
11 АДТ-1ж
10.00-11.30 10.00-11.30 10.00-11.30 10.00-11.30
Кишкенекөл №2 ОМ Шаткенов Аскар Боранұлы
АДТ-1ж 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30
ОЖТ-1ж 16.00-19.00 16.00-19.00 16.00-19.00 16.00-19.00
15.00-16.30
12 АДТ-2ж
10.00-11.30 10.00-11.30 10.00-11.30 10.00-11.30 10.00-11.30 Кишкенекөл №2 ОМ Жолдасбаев Канат Айтмуханұлы
АДТ-2ж 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30
ОЖТ-4ж 16.30-19.30 16.30-19.30 16.30-19.30 16.30-19.30 15.00-16.30
Шаңғы
13 ОЖТ-1ж 15.00-17.15 15.00-17.15 15.00-17.15 15.00-17.15

Кишкенекөл №1ОМ Хрхрян Рафик Гагикұлы
Женіл атлетика
14 АДТ-1ж
15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30
Мектеп Гимназия Спорт алаңы Аргимбаев Аманжан Кайргелдіұлы
АДТ-1ж 16.30-18.00 16.30-18.00 16.30-18.00 16.30-18.00

15 АДТ-1ж
15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30
Кишкенекөл №2 ОМ Аккужин Бауржан Капашұлы
АДТ-1ж 16.30-18.00 16.30-18.00 16.30-18.00 16.30-18.00

16 АДТ-1ж
15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30 15.00-16.30
Телжан ОМ Мухамеджанов Гибрат Омарбекұлы
АДТ-1ж 16.30-18.00 16.30-18.00 16.30-18.00 16.30-18.00

Ұялы телефон 87017790639 Хасенов Б.

Жұмыс телефон 8 715 42 22 0 82

АДТ-алғашқы дайындық топ

ОЖТ-оқу жаттығу тобы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы терминология комиссиясының отырыстарында бекiтiлген терминдер

Мәдениет мекемелерi қызметкерлерiнiң тiзiмi (директорлары, мәдени ұйымдастырушылары, кiтапханашылары)

Мекеме атауы Лауазымы Аты-жөні Телефон
1 Аудандық мәдениет үйі Директордың міндетін атқарушы Әлімов Р.С. 22-4-70
22-0-71
2 Қулыкөл ауылдық мәдениет үйі Мәдени ұйымдастырушы Бөлегенов Е.С. 52-0-13
52-2-83
3 Ақбұлақ ауылдық клубы Мәдени ұйымдастырушы Тюленева С.П. 51-8-52
53-2-85
4 Мортық ауылдық клубы Мәдени ұйымдастырушы Садыкова Б.А. 51-8-96
5 Күзексай ауылдық клубы Мәдени ұйымдастырушы Уәлиев С.М. 26-3-20
6 Қондыбай ауылдық клубы Мәдени ұйымдастырушы Калиниченко Т.В. 26-3-20
7 Қайрат демалу орталығы Мәдени ұйымдастырушы Хамитова А.Б. 52-4-15
8 Көбенсай демалу орталығы Мәдени ұйымдастырушы Искаков Әсет 53-3-42
9 Жасқайрат ауылдық клубы Қоғамдық бастамада жұмыс қызмет атқарады - -
10 Амангелді ауылдық клубы Қоғамдық бастамада жұмыс қызмет атқарады - -
11 Аққұдық ауылдық клубы Қоғамдық бастамада жұмыс қызмет атқарады - -
12 Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Директор Егімбаева К.Н. 22-6-94
21-1-10
13 Балалар кітапханасы Кітапханашы Қойбағарова З.Ж. 22-0-13
21-6-87
14 Мортық ауылдық кітапханасы Кітапханашы Айтмамағанова Е.К. 51-5-39
15 Телжан ауылдық кітапханасы Кітапханашы Сағымбаева Ә.Ф. 24-3-85
16 Амангелді ауылдық кітапханасы Кітапханашы Бәкірова Г.Қ. 51-2-04
51-2-57
17 Аққұдық ауылдық кітапханасы Кітапханашы Айданов Қ.Т. 52-5-04
18 Бидайық ауылдық кітапханасы Кітапханашы Асаева А.А. 26-1-34
19 Қаратерек ауылдық кітапханасы Кітапханашы Мукашева К.И. 51-3-38
20 Қондыбай ауылдық кітапханасы Кітапханашы Ибраева Г.Т. 51-2-94
21 Ақбұлақ ауылдық кітапханасы Кітапханашы Чернова В.В. 51-8-52
25-5-78
22 Қулыкөл ауылдық кітапханасы Кітапханашы Мұмедьярова Г.О. 51-3-97
23 Күзексай ауылдық кітапханасы Кітапханашы Ахметова Б.Р. 51-1-30
24 Қайрат ауылдық кітапханасы Кітапханашы Хамитова А.Б. 52-0-69
25 Ақтүйесай ауылдық кітапханасы Кітапханашы Адилова Б.Т. 26-3-89

Мәдениет және тiлдердi дамыту салалары бойынша ақпарат

Мәдениет. Ауданда 25 мәдениет нысандары халыққа қызмет атқарады, оның iшiнде 11 ауылдық клуб мекемелерi, 14 ауылдық кiтапхана.

Ауданымыздың 27 елдi мекенннiң 15-де мәдени ошақтары бар, бұл 55% пайызды құрайды. 9-да клуб пен кiтапхана бар, 4-де кiтапхана болса, 2-де клуб бар.

Орталықтандырылған кiтапхана жүйесiнiң кiтап қоры 88548 дана, оның iшiнде қазақ тiлiнде 43663 дана. Жыл басынан ауылдық кiтапханаларға 2897 дана жаңа кiтап түстi. Кiтап берiлiмi 190670 дана, оқырмандар саны — 8435 адам, келушiлер саны — 93420 адам.

2014 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша «Орталықтандырылған кiтапхана жүйесi» КММ-ң кiре берiс топтың күрделi жөндеуi 9871,0 мың теңге соммасына жасалды.

Ағымдағы жылы аудандық мәдениет үйi аумағының күрделi жөндеуiнiң жобалау-сметалық құжаттамасы 11 857,8 мың теңге соммасына, Бидайық демалу орталығының күрделi жөндеуi 79 030,0 мың теңге соммасына және Жамбыл демалу орталығының күрделi жөндеуi 11 300,0 мың теңге соммасына әзiрлендi.

2014 жылы ауылдық клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында аудан бюджетiнен аудандық мәдениет үйiне 1469,0 мың теңге бөлiнiп, музыкалық аппаратура алынды.

Ағымдағы жылы өткiзiлген мәдени-көпшiлiк iс-шаралар саны 2642 (2013 жыл — 2537), оған қатысушылар саны 91823 адам (2013 жыл — 87 215).

2014 жылы бiздiң ауданды гастрольдiк концерттерiмен ҚР халық әртiсi Бахтияр Тайлақбаев және «Гүлдер» би ансамблi, Iшкi iстер минстрлiгiнiң оркестрi, С. Мұқанов атындағы қазақ драм театры,
Н. Погодин атындағы орыс драма театры және балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президент күнiне арналған аудандық мәдениет үйiнiң шығармашылық ұжымының ұйымдастыруымен ақындар айтысы өткiзiлдi. Айтысқа Ақмола және Солтүстiк Қазақстан облыстарының ақындары қатысты.

2014 жылы бiздiң аудан облыстық байқауларға белсендi қатысты. «Сәлем, Астана» республикалық байқауының «вокал» номинациясы бойынша Халмаан Бұлбұл Бас жүлдеге ие болса, дәл осы номинацияда Халмаан Әсел 3 орынға ие болды. Және де облыстық «Қазағымның бал қымызы» байқауында үздiк атанып, Бас жүлдеге ие болды.

2015 жылдан қаңтар айынан бастап Көбенсай демалу орталығына, Аққұлық ауылдық клубына
0,5 бiрлiкте мәдени ұйымдастырушы штатқа енгiзiлдi.

ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы жөнiнде айтып өткен. Осыған орай 2015 жылы аталған мерейтойларды өткiзу жоспарда.

2015 жылға жоспар:

  • Аудандық мәдениет үйiнiң қазандығын шығару бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзiрлеу;
  • Ақтүйесай, Телжан ауылдарындағы клубтардың күрделi жөндеуiнiң жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу;
  • аудандық мәдениет үйi аумағының күрделi жөндеуiн аяқтау, Бидайық, Жамбыл демалу орталықтарының күрделi жөндеуi;
  • аудандық мәдениет үйiне жеке КТП алу.

Тiлдердi дамыту. Барлық оқу орындарында, мектептерде оқыту процесi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi.

Медиа жоспар бойынша жыл басынан аудандық «Нұрлы ел» және «Бiрiншi сөз» газеттерiде 70 мақала жарияланды.

Аудандық мемлекеттiк мекемелер арасында шығыс-кiрiс құжаттардың қазақ тiлiндегi үлес салмағын қадағалау мақсатында мониторинг жүргiзiлiп тұрады. Жыл басынан берi шығыс құжаттардың үлесi
100% (2013 жылы — 100%) болса, кiрiс құжаттардың үлесi 92% (2013 жылы — 89%)

Мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн жоғарылату, қолдануын кеңейту мақсатында жыл сайын әр түрлi iс-шаралар өткiзiледi. 2014 жылы жалпы iс-шараларға 200 мың теңге бөлiндi. Жыл басынан өткiзiлген iс-шаралар саны (байқау) — 12 (2013 жылы — 11), оған қатысушылар саны — 95 (2013 жылы — 89).

2014 жылы 9 облыстық байқауға қатысып, 5 жүлделi орынға және 2 номинацияға ие болды.

2008 жылдан бастап аудан бойынша мемлекеттiк тiлдi оқыту басталды. Бүгiнгi күнi ауданда
2014-2015 оқу жылдарында 2 топ оқытылуда. Топта 60 адам мемлекеттiк тiлдi меңгеруде. Жалпы оқытуға
177,0 мың теңге бөлiндi. Ауылдық округ және аумақтық мекемелерде жалпы 22 үйiрме ұйымдастырылған.

Жыл сайын облыстық мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығы «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттiк, азаматтық қызметшiлер, бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелерiнiң басшылары мен қызметкерлерiнен сынақ алады. 2014 жылы В-1 деңгейi бойынша 31 мемлекеттiк қызметкер және бюджеттiк саланың қызметкерлерi мемлекеттiк тiлдi меңгергенi жөнiндегi сертификатты иелендi
(2013 жылы — 24 адам). Ал 44 мемлекеттiк қызметкер және бюджеттiк саланың қызметкерлерi А-1 деңгейiмен сынақтан өттi.

Дiни экстремизм мен терроризмдi алдын алу бойынша тәжiрибелiк жоспарлар орындау бойынша ақпарат

Аудан аумағында 18 дiни құрылым бар, олардың барлығы мұсылман дiни бiрлестiктерi. 10 мешiттiң 8-i забия мешiттер.

Ауданда мемлекеттiк органдар мен дiни бiрлестiктерiнiң арасындағы қарым-қатынас бойынша жұмыстар тұрақты, әсiресе өзара түсiнiстiк пен өзара сенiмдiлiк атмосферасы қалыптасқанын айтып өту қажет.

Аудан жанында дiни бiрлестiктер жөнiнде Кеңес жұмыс жасайды. 2014 жыл бойынша 4 Кеңес өткiзiлдi, онда 14 түрлi сұрақтар қаралды.

Шет ел теологиялық оқу орындарында 2 жас Қайыр қаласыда мамандар оқуда: Құсайынов Бауыржан және Нұрғалиев Ақылбек Рахметоллаұлы.

Дiни бiлiм аламын деушi азаматтар үшiн аудандық мешiт мақсатты жұмыстар жүргiзедi және қазақстандық медреселерде оқуға ұсыныс жасайды, соның iшiнде, оқуға гранттар бөлетiн «Нұр Мүбәрәк» университетi.

Дiни бiлiм алушыларға құжаттарды тапсыру, оқу орындарының мекен-жайы мен жағдайы бойынша ақпарат берiледi. Осылайша, ауданымыздың 2 тұрғыны Мұсайбекова Құндыз Нұрболатұлы және үшiншi курста оқитын Құлмұқан Аслан Бауыржанұлы «Нұр Мүбәрәк» университетiнде оқиды.

Дiни экстремизм мен терроризмдi алдын алу бойынша Мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жоспарын орындау үшiн ауданда ақпараттық топ жұмыс жасайды.

Ақпараттық тобының мүшелерiне терроризм мен экстремизмдi алдын алу бойынша түiндiру құжаттары таратылды. Сонымен қатар, аудандық мешiт үшiн проектор сатып алынды. 2014 жылдың 11 айы бойынша ақпараттық тобының мүшелерiмен 42 кездесу ұйымдастырылды, оған 3200 адам қатысты.

Ауданда құқық қорғау органдарында терроризм мен экстремизм бойынша тiркеуде тұрған азаматтар жоқ.

Дiни экстремизм мен терроризмдi алдын алу бойынша ауданда 3 баннер орнатылған: екеуi Кiшкенекөл ауылында болса, бiрi Қулыкөл ауылдық округiнде.

Жыл басынан аудандық «Қызылту» газетiнде 13 мақала және «Бiрiншi сөз» газетiнде 9 мақала, «Нұрлы Ел» газетiнде 1 мақала жарияланды. Жарияланған мақалалар медиа-жоспарға сәйкес жарияланды.

Дiни экстремизм мен терроризмдi алдын алу бойынша жұмыстар ауданның бiлiм беру мекемелерiнде жүргiзiледi. Осылайша, екi жыл аудан мектептерiнiң 9 сыныптарда «Дiнтану» пәнi оқу жоспарына қосылды. Бұл пәндi жоғарылау курсын өткен тарих мұғалiмдерi бередi. Дәстүрлi дiннiң құндылықтары мен деструктивтi дiни ағымдардың зияндығы туралы оқушылар мен имамдар арасында «дөңгелек үстелдер», семинарлар өткiзiледi.

2014 жылы келесi iрi мерекелiк iс-шаралар өттi:

2014 жылдың 3 сәуiр күнi аудандық әкiмдiктiң үлкен мәжiлiс залында «Терроризм мен экстремизмнiң жастарға ықпалы» атты дөңгелек үстел өттi.

2014 жылдың 17 маусым күнi Қазақстан мұсылмандар дiни басқармасының муфтиятының тапсырмасымен аудандық «Қожахмет Хазрет» мешiтiн Павлодар қаласының «Әбу Бәкiр Сыддық» медресесiнiң директоры Отарбаев Бауыржан Болатжанұлы келдi.

15 қыркүйек күнi аудандық кiтапханада «Деструктивные религиозные течения: признаки и негативная сущность» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы — «Этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығы» қоғамдық бiрлестiгi. Осындай iс-шаралар ауыл шаруашылық колледжiнде, Ақтүйесай, Ақбұлақ және Бидайық ауылдық округтерiнде өттi.

15 қазан күнi «Қожахмет Хазрет» атындағы аудандық мешiтте жастардың имаммен кездесуi өттi.

30 қазан аудандық үлкен мәжiлiс залында «Дiн және ұлтааралық келiсiм» атты конференция өттi. Конференцияда төрағалық еткен аудан әкiмi А.Ж. Төрегелдин.

Сонымен қатар, жастармен дөңгелек үстелдер, кiтапхана оқырмандарымен әңгiмелер ұйымдастырылды. Осы бағытта тамыз айында аудандық кiтапханада деструктивтi дiни ағымдар жөнiнде «Дiн және жастар» атты дөңгелек үстел өттi.

Ауданда iшкi саясат бөлiмi тоқсан сайын жастар сұрақтары бойынша жастар арасында сауалнама жүргiзедi. Сауалнама нәтижесi СҚО iшкi саясат басқармасына жiберiледi. Сауалнама бойынша дiни экстремизм мен терроризм қателерi анықталмады.

Дiни экстреизмдi алдын алу және конфессияаралық келiсiмдi насихаттау бойынша аудандық медиа-жоспар құрылып, бекiтiлдi, осыған орай аудандық газеттерде мақалалар жарияланып тұрады.

Өткен жылы ауданда экстремистiк және ұлтшылдық бағыттағы фактiлер тiркелмедi. Дәстүрлi емес дiни бiрлестiктер ауданда жоқ. Заңсыз мессионерлiк қызмет анықталмады.

Уәлиханов ауданының туристiк объектiлерi туралы ақпарат

Атауы Мекен-жайы Директордың Т.А.Ж. Контактілері
1. Музейлер
         
2. Қонақжайлар
1 Гаухартас 9 орын Кішкенекөл селосы, С. Мәліков көшесі Бейсенова Г.Б. 87154222445
2 Айым 6 орын Кішкенекөл селосы, Гагарин көшесі Сарбасова Ж. 87154222940
3. Тамақтану объектілері
1 «Гухартас» мейрамханасы, 220 орын Кішкенекөл селосы, С. Мәліков көшесі Бейсенова Г. 2-24-45
2 «Малика», 150 орын Кішкенекөл селосы, Гагарин көшесі Жапарова C.  22-0-91
3  «Ак-ниет» кафесі, 25 орын Кішкенекөл селосы, Гагарин көшесі Омарова Х. 21-5-80
4 «Анара» кафесі, 20 орын Кішкенекөл селосы, Гагарин көшесі Анафин Р. 2-15-64
5 «Мукан» кафесі, 20 орын Кішкенекөл селосы, Аблайхан көшесі Абишева С. 2-16-99
6 «Самал» кафесі, 25 орын Кішкенекөл селосы, С. Мәліков көшесі Шаяхметова Ф. 22-0-20
7 «Болашак» кафесі, 20 орын Кішкенекөл селосы,
Ш. Уалиханов көшесі
Бектемирова Ш. 22-3-59
8 «Дастур» кафесі, 120 орын Кішкенекөл селосы,
Т. Шайсултанов көшесі
Темирбекова Р. 22-9-67
9 Пельменная, 15 орын Кішкенекөл селосы, Гагарин көшесі Канжигалина Ж. 22-6-92
10 «Айым» кафесі, 70 орын Кішкенекөл селосы, Гагарин көшесі Сарбасова Ж 22940
4. Демалу орындары
         

23.06.2016 17:44

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика