Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Аудан жайлы || Әлеуметтік-экономикалық паспорт

Ауданның әлеуметтiк-экономикалық паспорты

Уәлиханов ауданының әлеуметтiк-экономикалық паспорты 2017 жылғы сәуiр айының 1-не

Аудан әкiмi — Медет Дулатұлы Оспанов 2017 жылдың наурыз айынан аудан әкiмi лауазымын атқаруда.

Уәлиханов ауданы — Қзылту ауданы 1928 жылы құрылды, 1997 жылы Уәлиханов ауданына аты өзгерiлдi.

Уәлиханов ауданы Көкшетау облысы Қызылту ауданының он бес шаруашылығы және Уәлиханов ауданының алты шаруашылығы базасында құрылды.

Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк-шығысында орналасқан. Солтүстiкте және солтүстiк-шығысында Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығысында Павлодар облысымен, оңтүстiк және оңтүстiк-шығысында Ақмола облысымен, батыста — Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданымен шектеседi.

Аумағы — 12876,6 шаршы километр, облыстық аумағынан 13,1 пайызды алып отыр.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнуi:

Аудан орталығының атауы Кiшкенекөл селосы
Облыс орталығына дейiн қашықтығы 350 км
Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi 11
Сонын ішінде: аудандық бағынудағы қалалар -
Селолық /ауылдық/ округтерi 11
Елдi мекен саны 27

Аудан орталығынан алшақ орналасқан елдi мекен Қулыкөл ауылдық округiнiң Береке селосы 216 км.

Тұрғындар саны 2016 жылғы мамыр айының 1-не 16921 адам немесе жалпы облыс халқының 3% құрады.

Халықтын көшi-қоны:

  2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жылдың қаңтар-сәуір айлары
Келуi, адам саны 572 678 371 521 541 160
Кетуi, адам саны 852 846 746 824 889 220
Көшi-қоны сальдо (+/-): -280 -168 -375 -303 - 348 -60

Демографиялық көрсеткiштер:

  2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жылдың қаңтар-сәуір айлары
Туғандар саны 314 343 283 249 264 70
Өлгендер саны 189 148 180 125 110 40
Табиғи өсім (кему) 125 195 103 124 154 30
1000 адамға шаққанда
Туғандар 17,79 19,51 16,21 14,45 15,49 12,52
Өлгендер 10,71 8,42 10,31 7,25 6,45 7,16
Оның ішінде жаңа туған сәбилердің шетінеуі 12,74 17,76 7,07 - 7,58 28,57
Табиғи өсім (кему) 7,08 11,09 5,90 7,20 9,04 5,36

Табиғи ресурстары

Уәлиханов ауданының аумағы батыстан шығысқа дейiн 70 км, солтүстiктен оңтүстiкке дейiн 178 километрден астам созылып жатыр.

Ауданның аумағының жер беделi екi класқа бөлiнедi: ұсаққұмдақ және жазық.

Аудан аумағының жер қыртыстары негiзiнен кәдуiлгi және оңтүстiк қара топырақты болып келедi.

Пайдалы қазбалардан балшық, құм, қиыршық тас, iзбес /әк/ тасы, сондай-ақ Чехов кенорнында силикат құмының теңдесi жоқ бiрегей қоры бар.

Аудан орталығының оңтүстiк беткейiнде, Аққұдуқ селосының аумағында жерасты таза ауыз су көзi — Есдәулет бұлағы бар. Теке көлi, 260 шаршы километр айнадай жарқыраған алқапты алып жатыр, күкiрт-сутегiндiк дәрулiк ылайдың- көкшiл сордық анағұрлым көп қорына ие.

Ауданның аумағында көлдер торабы да дамыған: Сiлетi теңiзi, Теке, Кiшкенекөл, Саржан, Қондыбай қопасы және басқада үлкендi-кiшiлi су қоймалары.

Өзендердiң, көлдердiң және бөгендер мен тоғандардың су тепе-теңдiгi атмосфералық дымқылға байланысты болады.

Өсiмдiктер негiзiнен далалық. Ауданның солтүстiк бөлiгiнде қайын және қайын-терек шоқ ағаштары басым келедi. Жануарлар әлемiн алсақ: қоян, түлкi, борсық, суыр, қасқыр ж.б. жиi кездеседi. Көлдер мен өзендерде және бөгендерде табан, шабақ, алабұға, бүрге балық, шортан, қара балық мекендейдi.

Ауа райы континенттi: қысы суық, қар ұзақ жатады, әдеттегiдей жазы ыстық, күн шуақты ашық болып келедi.

Ылғалдың орташа жылдық мөлшерi 279-312 мм.

Институционалдық қайта құрулар

2017 жылдың сәуiрдiң 1-не 175 заңды тұлғалар тiркелген, сонын iшiнде шағын-171, орта-2 және 2 iрi.

Экономиканың нақты секторы

Өнеркәсiп

Өнеркәсiп өндiрiсi жалпы көлемiнiң басым үлес салмағы: ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу, су және электр қуатын тарату мен өндiру.

Ауданда 17 кәсiпорын тамақ өнiмдерiн өндiрумен айналысады, сонын iшiнде «Қызылту ұн үктiру комбинаты» ЖШС және 16 шағын наубайхана.

Ауданда облыс бойынша iрi ұн үктiру комбинаты — «Қызылту ұн үктiру комбинаты» ЖШС-гi жұмыс iстейдi.

Көрсеткіштер атауы Қаңтар-наурыз 2017 ж. 3 айы %-бен 2016 ж. 3 айына
2016 жыл 2017 жыл
Қаржылық емес өнім өнеркәсібінің көлемі, млн.теңге 61,3 435,7 в 7,1 раза
Физикалық көлем индексі, %-бен 104,8 в 17,2 раза  
Маңызды өнеркәсіп өнімінің жекелеген түрлерінің өндірісі
Бидай немесе қара және күздік бидайдың майда тартылған ұны, тонна 184 90 48,9
Жаңа піскен нан, тонна 160 159 99,4
Жылу энергиясы, мың Гкал 1,8 3,4 188,9
Ауыз суы, мың текше метр 104,2 107,6 103,3

Ауыл шаруашылығы

2017 жылдың қаңтар- наурыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнiмнiң көлемi 1140,9 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңiне 121,6% құрады (2016 ж. қаңтар-наурыз айларында — 938,2 млн. теңге). Физикалық көлем индексi 111,3% құрады.

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында тiрi салмақпен ет өндiруi 838,6 тонна құрады, немесе өткен жылдың сәйкес мерзiмiне 7,3%-ға артты (2016 ж. қаңтар-наурыз айларында — 781,6 тонна), сүт өндiруi 5162,6 тонна құрады, немесе өткен жылдың сәйкес мерзiмiне 24,1 %-ға артты (2016 ж. қаңтар-наурыз айларында — 4161,7 тонна), жұмыртқа өндiруi 251,9 мың дана немесе 12,2 %-ға артты (2016 ж. қаңтар-наурыз айларында — 224,5 мың дана).

Аудан бойынша 2017 жылдың қаңтар- наурыз айларында IҚМ саны — 1,4% артып, 35,4 мың бас құрады; сиыр саны — 13,5 % артып, 16,5 мың бас құрады; жылқы саны — 2,1% артып, 12,3 мың бас құрады; қой мен ешкi саны — 3,8% артып, 33,1 мың бас құрады; құс саны — 4,4% артып, 53,8 мың бас құрады;

Шошқа саны 44,8% төмендеп, 0,3 мың бас құрады.

Ауыл шаруашылығының негiзгi көрсеткiштерi

  Өлшем бірлік 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 ж. 3 айы
Ауыл шаруашылық өнімдері Млн. теңге 14191,8 13004,8 12446,1 13143,5 17598,0 19700,1 1140,9
Физикалық көлем индексі % 106,6 78,8 118,3 97,6 110,6 102,1 111,3
Егіс алқабы Мың. га 277,3 274,2 230,5 230,3 247,5 246,7 241,350
Астық өндiру /өңделгеннен кейiнгi салмағы/ Мың. тонна 300,6 184,1 248,1 202,8 249,1 240,6 -
Егiн шығым-дылығы/ өңделген-нен кейiнгi салмағы/ ц/га 13,1 7,9 12,4 13,7 13,8 13,4 -
Ауылшаруа-шылық кәсіпорны бірлік 28 30 29 27 30 29 29
Шаруа (фермер) қожалықтары бірлік 156 155 127 129 145 146 146
Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі
Мал еті (тірі салмақпен) мың тонна 4,3 5,0 5,2 5,6 5,7 5,7 0,839
Сүт мың тонна 38,3 31,8 33,9 36,1 38,3 40,8 5,163
Тауық жұмыртқасы мың дана 4273 4619,0 5077,0 5066 4999 4876,4 251,9
Мал басы мен құс саны
Ірі қара мал, сонын ішінде мың бас 18,9 20,6 22,9 23,6 24,6 20,9 35,4
сиыр мың бас 7,6 9,4 11,4 12,1 12,1 12,6 16,5
Жылқы мың бас 11,3 11,8 12,3 12,3 12,4 14,5 12,3
Қой мен ешкі мың бас 31,2 31,8 32,5 32,7 33,3 42,3 33,1
Шошқа мың бас 0,8 0,9 0,9 0,9 0,7 0,5 0,3
Құс мың бас 54,2 52,6 52,6 52,6 52,8 74,1 53,8

Әлеуметтiк инфрақұрылым

  1 Барлық автомобиль жолдар ұзындығы, оның ішінде: 704 км.
республикалық маңыздылығы бар жол 74 км.
облыстық маңыздылығы бар жол 223 км.
аудандық маңыздылығы бар жол 407 км.
Ауданның елді мекендердің автожолдардың желісі, оның ішінде: 236,34 км.
-асфальтобетондық жолдары 152,6 км. немесе 64,6%
-топрақ жолдары 83,74 км. немесе 35,4%
2 Су құбырларынын ұзындығы 247,1 км.
3 Су тарату желісі 31,0 км.
  4 Су құбырларына қосылған 16 елді мекен -Есдәулет жер асты су көзiн пайдаланады
Жергілікті ( локалдық ) сумен жабдықтау көздерінен пайдаланады 6 елді мекен
Жергілікті бұлақ суымен пайдаланады 5 елді мекен ( Тілеусай, Қарамырза, Жасқайрат, Малқара, Береке)
5 Аудан аумағында өтеді: Ауданда 8 автобус қатынасы жұмыс істейді: халықаралық — 5, облыстық аралық — 1, аудан ішінде — 1, кент ішінде — 1. Аудан аумағында ұзындығы 15 км. темір жол өтеді.
6 Ауданда білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әкімшілік ғимараттарын және 15 көппәтерлік тұрғын үйді жылу мен қамтамасыз ететін 44 жылыту қазандықтары бар  

Елдi мекендер телефондық байланыспен 100% қамтамасыз етiлген.

Ауданда ұялы телефон байланыстары: «Актив», «Кcell», «Билайн», «Теле 2» бар. Ауданның 27 елдi мекендерiнен байланыспен қамтамасыз етiлген 15 елдi мекен немесе 55,6%.

Ұялы байланыс келесi ауылдарда жоқ: Мортық, Көктерек, Қарамырза, Қайрат, Жасқайрат, Аққұдық, Золотая Нива, Қулыкөл, Береке, Қаратал, Молодая гвардия, Тiлеусай.

Ауданның электро-жылытылуымен жабдықталуы

Барлық елдi мекендер электр қуатымен толық және тұрақтылы қамтамасыз етiлген. Әуе электр желiлерiнiң ұзындығы 16950 км құрайды. 10/0,4 кВт — 2993 дана, 110/35/10 — 202 дана трансформаторлы подстанциялар бар.

Инвестициялық қызмет

2017 жылдың қаңтар- наурыз айларында негiзгi капиталға инвестиция көлемi 388,7 млн. теңге құрады, немесе 2016 жылдың тиiстi кезеңiне 197,4% құрады (2016 ж. қаңтар-наурыз айларында — 196,9 млн. теңге). Ауданның облыс бойынша жалпы көлем үлесi 1,6%. Физикалық көлем индексi 188,4% құрады.

Кәсiпкерлiк

Статистика Департаментiнiң мәлiметтерi бойынша, ауданда 2017 жылдың сәуiр айының 1-iне шағын және орта кәсiпкерлiк саласында жұмыс iстейтiн объектiлердiң саны — 584 бiрлiк құрады немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңiне 93,9% (01.04.2016 ж. — 706 бiрлiк)

ШОК жұмыс iстейтiн объектiлердiң саны азайтуына байланысты ШОК әрекетсiз немесе уақытша тоқтатылған бiрлiктер болуына байланысты.

Ауданда 2017 жылдың сәуiр айының 1-iне 458 инфрақұрылым объектiлерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде 1 базар,1 сауда үйi, 1 — сауда орталығы, 162 — сауда мекемелерi, 18 — қоғамдық тамақтану пунктерi, 4 — дәрiхана, 9 — ТЖС, 5 — АЗС, 126 — көлiк қызметтерi, жиһаз жөндеу пунктерi — 1, қонақ үй — 2, тұрмыстық техникаларды жөндеу бойынша шеберхана — 1, шаштараз — 6, фотосалон — 2, 4 — киiм, аяқ киiм тiгу және жөндеу пунктi — 2, киiм тiгу және жөндеу пунктi — 3, монша — 26, шағын наубайхана — 16, кулинария — 1, элеватор — 1 («Северная Нива» ЖШС), және өзге де нысандар — 70.

Орта және шағын бизнестi дамыту аясында жыл басынан 1 объект ашылды:

Құлыкөл а. — кафе «Зарина» (Қаирбаев Г. ЖК), ашуы, 2017 жылдың 3 айында «Кзылту Несие» ЖШС НС 2 ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiне жалпы сомасы 27532,0 мың теңгеге (01.04.2016 ж. — 4 кредит сомасына 22790 тыс. теңге) несие берiлдi.

Жергiлiктi бюджет

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында жергiлiктi бюджетке салық және басқа мiндеттi төлемдердiн жоспары 116672,3 мың. теңге, орындалуы 166975,0 мың. теңге, немесе 143,1%. Асыра орындауы — 50302,7 мың. теңге, онын iшiнде:

Облыстық бюджет — жоспар 55209,0 мың. теңге, орындалғаны 65267,5 мың. теңге немесе 118,2%. Асыра орындауы — 10058,5 мың. теңге.

Аудандық бюджет — жоспар 61463,3 мың. теңге, орындалғаны — 101707,5 мың. теңге немесе 165,5%, асыра орындауы — 40244,2 мың. теңге

Бюджеттiң шығыс бөлiгi 96,6% орындалды, жоспар 707 млн. 255,2 мың. теңге, орындалғаны 704 млн. 681,3 мың. тенге, игерiлмегенi — 2 млн. 573,9 мың. теңге құрады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк сала

2017 жылдың сәуiр айының 1-iне жұмыспен қамту уәкiлеттi органдарында тiркелген жұмыссыз азаматтардың саны 52 адам құрады. Экономикалық белсеңдi халық санында тiркелген жұмыссыздардың үлесi 0,6% құрады.

2017 жылдың сәуiр айының 1-не 236 жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасты, олардың iшiнен тұрақты жұмыс орындарына — 150 адам орналастырылды.

Өмiр сүру деңгейiнiң мөлшерiнен төмен тұратындар 293 адам құрады (61 отбасы) немесе 1,8% жалпы халық санынан,оның iшiнде: кедейлiк шегi мөлшерiнен төмен тұратындар — 8 адам(2 отбасы), азық-түлiк қоржын мөлшерiнен төмен — 285 адам (59 отбасы).

Статистика Департаментiнiң мәлiметтерi бойынша, бiр қызметкердiң орташа айлық атаулы жалақысы 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 75893 теңге құрады (қаңтар-желтоқсан 2015 ж. — 61233 теңге), немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңiне 125% құрады. Нақты жалақы көрсеткiшi 110,7%.

Қызметкерлердiң саны 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында3539 адам құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңiне 107,8% (2015 жылдың сәйкес кезеңi — 3541адам).

Қызметкерлердiң нақты саны 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 3419адам құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңiне 108,5% құрады (2015 жылдың сәйкес кезенi — 3407 адам).

2016 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында ауданның мекемелерi мен кәсiпорындарының жалақы қоры 3113,17 млн. теңге құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңiне 135,7% құрады (2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары — 2503,4 млн. теңге).

Денсаулық сақтау

2017 жылғы сәуiр айының 1-не ауданның денсаулық сақтау жүйесi жалпы төсек қорының саны 65 орындық 1 орталық аудандық аурухана, 23 амбулаториялық ұйым: 2 дәрiгерлiк амбулатория, 1 фельдшерлiк акушерлiк пункт, 20 дәрiгерлiк пункт құрылған.

2017 жылғы сәуiр айының 1-не Уәлиханов ОАА бекiтiлген тұрғындардың саны 15378 адам құрады

Ауданның емдеу ұйымдарында барлығы 21 дәрiгер және 134 орта буындағы медициналық қызметкерлер жұмыс iстейдi.

Дәрiгерлермен қамтамасыз етiлгендiгi 10 мың халық санына 13,6 құрады, орта буындағы қызметкерлермен қамтамасыз етiлгендiгi 10 мың халық санына 87 құрады.

Бiлiм беру

2017 жылы сәуiр айының 1-не Уәлиханов аудан аймағында 2 балабақша («Күншуақ» және «Балдаурен»), 2 қосымша бiлiм мекемесi («Өнер мектебi» МКҚК, «БЖФД клубы» МКҚК), 24 мектеп ( 18 орта, 6 негiзiгi жұмыс iстейдi.

2016-2017 оқу жылына оқушылардың саны 2686 бала.

Ауылшаруашылық саласындағы кадрлердi бастауыш кәсiби дайындығын ауданның ауылшаруашылық колледжiнде оқытады.

Мәдениет

Ауданда 2017 жылы сәуiр айының 1-не 28 мәдениет нысандар қызмет етедi, оның iшiнде: 12 селолық клубтар және 16 мемлекеттiк кiтапханалар (орталық аудан кiтапханасы, балалар кiтапханасы және 14 ауыл кiтапхана).

2016 жылы Бидайық а. демалыс орталығын iске қосуына байланысты желiсi 1 бiрлiкке өстi.

Спорт

Аудан бойынша барлығы 143 спорт нысандары жұмыс iстеуде, оның iшiнде: 3 стадион, 1 ипподром, 21 хоккей корты, 25спорттық зал, 84 жазықтық құрылғылары, 9 ату тирi (01.04.2016 ж. — 135 объект).

2017 жылдың сәуiр айының 1-не дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысатын азаматтардың саны — 4922 адам немесе тұрғындардың санынан 29% құрайды, 2016 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 92 адамға немесе 0,5%-ға көбейгенi байқалады (01.04.2016 ж. — 4830 адам — 28,5%).

Қоғамдық және дiни бiрлестiктер

Ауданда 18 дiни мұсылман бiрлестiгi бар (10 мешiт, 8 намазхана).

Қоғамдық-саяси партиялар:

  1. «Нұр Отан» партиясының филиалы;
  2. «Ауыл» партиясының филиалы;
  3. Коммунистiк партиясының филиалы.

Қоғамдық бiрлестiктер:

  1. «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бiрлестiк Уәлиханов аудандық филиалы;
  2. «Қызылту кәсiпкерлер одағы» қоғамдық бiрлестiгi
  3. «Номад-Кызылту» жастар бiрлестiгi;
  4. «Уәлиханов ауданының қазақ күрес федерациясы» қоғамдық бiрлестiгi;
  5. «Ерiктi спорт қоғамы» қоғамдық бiрлестiгi;
  6. «Уәлиханов жастары» жастар ұйымы.

Ұлттық мәдени орталықтар:

Ауданда 13 ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс iстейдi, оның iшiнде 2 славян мәдени орталықтары: «Сударушка», мен «Славита»

Бөлiм басшысы С. Шегебаева

25.04.2017 12:34

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика