Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Аудан жайлы || Аудан тарихы

Аудан тарихы

Қызылту ауданы 1997 жылы Уәлиханов ауданы құрамына кiрдi. 1928 жылы 17 қаңтар құрылған (Валихан — желтоқсан айында 1970 жылы) Алғаш рет аудан орталығы Қулыкөл ауылы болған.

Кейiнiрек аудан орталығы Қондыбай ауылына көштi. 1929 жылы елдi-мекен Кiшкенекөл көлi жағасында орналасты. Ауылда 100-ге жуық жер үйлер болған. 500-дей адам тұрмыс құрған.

Ол кезде аудан территориясы ұлан байтақ жердi алып жатты. Кейiннен Қызылту ауданынан Ленин, Ленинград, Валиханов аудандары отау тiгiп жеке шаңырақ көтердi.

Қазақстанда коллективтендiру жүргiзiлген кезде аудан орталығында «Жаңалық» деп аталған колхоз құрылды. Онда 300 гектар жыртынды жер болды. Уақыт өте келе колхоз саны 46 өстi.

Ұлы Отан соғысы басталғанға дейiн ауданда мемлекеттiк банк, жинақ касса, аурухана, асхана, өнеркәсiп және азық-түлiк магазиндерi, почта, мектеп, диiрмен, радио нүктелерi болды. Жаңадан 20 елдi-мекен құрылып, аудан тұрғындарының көшпендiлiктен отырықшылыққа көшу процесi толық аяқталды.

1935 жылға дейiн аудан мектептерiнде бiлiм беру қазақ тiлiнде жүргiзiлдi. 1936 жылдан бастап орыс тiлi енгiзiле бастады. Аудан орталығында оқуды орыс тiлiнде жүргiзiлетiн класс ашылды. Онда орыс балаларымен бiрге қазақ, немiс балалары да оқыды.

1946 жылғы территориялық-әкiмшiлiк бөлiнуден кейiн, бiздiң аудан Көкшетау облысының құрамына кiрдi.

Тың және тыңайған жерлердi игеру басталғаннан кейiн орасан зор әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер болды. Оның ауқымын егiс көлемiнiң өсуiнен де айқын көруге болады. Егер 1953-шi жылы ауданда 29939 гектар жыртынды жер болса, онда екi жылдан кейiн бұл цифр 257248 гектарға жеттi. Жаңа елдi-мекендер мен совхоздар пайда болды. 1958 жылы Көкшетау-Қызыту темiржолы, ал 1965 жылы Қызылту-Ертiс темiржолы пайдалануға берiлдi.

Қызылту өңiрi адам танымастай өзгердi, мұнда тұратын халықтардың әлеуметтiк-мәдени, рухани дамуында көп алға iлгерiшiлiк болды. Селолар бейнесi танығыссыз өзгердi. Аудан орталығы мен совхоздарда су құбыры жүйесi тартылды, телевизия станциясы салынды.

3 мамыр 1997 жылы Қазақстан Республикасы Прездентiнiң Жарлығы бойынша Көкшетау облысының әкiмшiлiк-территориялық бөлiну жобасы бекiтiлдi. Қызылту ауданы Солтүстiк Қазақстан облысы құрамына ендi.

29.06.2017 10:46

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика